KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. тамыз айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының PMI шолуын жариялады

04.09.25 15:12
/KASE, 04.09.25/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2025 жылдың тамызындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды. Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100% еншілес компанисы) Қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтың пікірлері келтірілген "Тамыз айында Қазақстанның қызмет көрсету секторында бір ай бұрын басталған өсім қарқынының баяулауы жалғасты. Шығындар инфляциясының күшеюі сұранысты қолдауды қиындатуда. Соған қарамастан, ағымдағы іскерлік белсенділік пен келесі 12 айға арналған күтулер оптимизм аймағында сақталуда. Қазіргі кезеңде экономиканы қолдап тұрған негізгі күш қызмет көрсету секторы болып отыр, ал өнеркәсіп одан әрі пессимизм аймағына тереңдей түсті. Сектордың алдағы даму перспективасы қызмет көрсету нарығының икемділігіне және макроэкономикалық әрі конъюнктуралық сын-қатерлер жағдайындағы саларалық ықпалдың күшіне байланысты болады". Қазақ тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Services_KAZ_2508_PR_1ba3d2d26c.pdf Орыс тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Services_RUS_2508_PR_e1841c6f5a.pdf Ағылшын тіліндегі шолу – https://kase.kz/uploads/KZ_Services_ENG_2508_PR_9a500d2355.pdf [2025-09-04]