04 қыркүйектен бастап Азия даму банкінің XS3171554333 (ASDBe22) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

04.09.25 18:12
/KASE, 04.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2025 жылдың 28 тамызындағы шешімімен шығаруға жоспарланған Азия даму банкінің XS3171554333 (ASDBe22; 24 897 670 000 теңге; 09.09.25 – 23.05.29; қалқымалы жарты жылдық купон, TONIA Compounded + маржа 1,00 %; actual/365) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді. Аталған облигацияларға рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ болып табылады. Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 04 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/ASDBe22 [2025-09-04]