"Қаражыра" АҚ акционерлері қоғамның жай акциялары бойынша 2024 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

05.09.25 10:11
/KASE, 05.09.25/ – "Қаражыра" АҚ (KASE тикері – KZHR) 2025 жылдың 30 тамызында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2024 жылға жылдық аудиттелген (шоғырландырылған және жеке) қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2024 жылдың қорытындысы бойынша қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі бес мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZHR/kzhr_special_shareholders_meeting_results_300825_102.pdf [2025-09-05]