08 қыркүйектен бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00013519 (MFLGb14) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
05.09.25 14:31
/KASE, 05.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
08 қыркүйегінен бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00013519
(KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFLGb14; 1 000 теңге,
500,0 млн теңге; 03.09.25 – 03.09.27; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%;
30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне
ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
[2025-09-05]