"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС "Транзит" тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы хабарлайды

05.09.25 15:59
/KASE, 05.09.25/ – "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС (KASE тикері – IKTT) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС (бұдан әрі – Институт) инвесторларды, серіктестерді және мүдделі тараптарды Жалғыз қатысушының (Қазғарыштың 2025 жылғы 29 тамыздағы № 449/НҚ бұйрығы) "Транзит" тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді. Институт ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануды, сондай-ақ оның одан әрі дамуы мен функционалдығын кеңейтуді қамтамасыз етеді.. "Транзит" АЖ мақсаттары: - тауарларды заңсыз өткізудің жолын кесу; - жолдағы қосымша тексерулерді болдырмау есебінен транзиттік тасымалдау уақытын қысқарту; - ҚҚС бойынша түсімдердің өсуі есебінен мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюы. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/IKTT/iktt_relizs_050925_13.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/IKTT/iktt_relizs_050925_12.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/IKTT/iktt_relizs_050925_14.pdf [2025-09-05]