АНОНС: 09 ҚЫРКҮЙЕКТЕ KASE MARDEN PROPERTY "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

05.09.25 16:23
/KASE, 05.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 09 қыркүйегінде "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, БАҚ өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар үшін "Marden Property" Басқарушы компаниясы" ЖШС басшылығымен (тақырыпта және бұдан әрі – Marden Property) кездесу өтетінін хабарлайды. Бағдарламада: - нарық көшбасшысы бір объектіден қалай өседі; - KASE облигацияларын шығару – дамудың жаңа кезеңі; - инвесторлар үшін перспективалар мен мүмкіндіктер. Іс-шараның басталуы – Алматы қ. уақытымен 10:00-де. Іс-шара спикерлері: - Жұлдыз Кәкенов – Marden Property негізін қалаушы; - Әділбек Асаинов – Marden Property бас директоры; - Еран Тайпанов – Marden Property қаржы директоры; - Асхат Ахметов – Marden Property басқарушы директоры; - Санжар Оспанов – "Alatau City Invest" АҚ Басқарушы директоры. Толық ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/ru/media-center/events/717 [2025-09-05]