09 қыркүйектен бастап KASE-де бес атаудағы ETF-пен сауда-саттық уақытша тоқтатылады

08.09.25 15:12
/KASE, 08.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 09 қыркүйегiнен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде жүргізілетін репо операциялары бойынша келесі ETF-пен сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлайды, олар бойынша есеп айырысу 2025 жылғы 01 қазанда және одан кейінгі күндері жүргізіледі: 1) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF; 2) US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF; 3) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF; 4) US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF; 5) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF. Сауда-саттық KASE-де 2025 жылғы 01 қазанда көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес уақытша тоқтатылды. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылғы 03 қазаннан бастап қайта басталады. [2025-09-08]