/KASE, 10.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
10 қыркүйегінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар
нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM*
сериясы) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00006955 (KFUSb3)
облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты
алып тастады (10 қыркүйек – өтеу кезінде тіркелген күні).
2025 жылдың 10 қыркүйегінен бастап KASE_BM* сериясы
индикаторларының өкілдік тізімі 72 атаудағы облигациялардан тұратын
болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке
алмағандағы бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар
бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша).
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
жарияланған
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2025-09-10]