"Эйр Астана" АҚ және Air India кодшеринг туралы келісімге қол қойды

10.09.25 16:54
/KASE, 10.09.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы "Эйр Астана" акционерлiк қоғамы ("Компания" және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге "Топ"), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, Air India әуекомпаниялары бірлескен рейстерді орындау (кодшеринг) туралы келісімге қол қойды. Air Astana мен Үндістанның жетекші халықаралық әуе компаниясы Air India арасындағы жаңа кодшеринг серіктестігі Қазақстан мен Үндістанды байланыстыратын басты бағыттарда ынтымақтастықты күшейтеді. Келісім аясында Air Astana орындайтын Алматы-Дели және Алматы-Мумбаи рейстерінде Air India "AI" кодын қолдану көзделген. Бұл жолаушыларға екі ел арасында сапар шегуде кеңірек мүмкіндік пен қосымша қолайлылық береді. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/AIRA/9252-air-astana-and-air.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_100925_1.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__100925_en.pdf [2025-09-10]