/KASE, 11.09.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 10 қыркүйегінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-
ауқат қоры" АҚ келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар"
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2C00015469 (SKKZb28; 1 000 теңге, 60,0 млрд теңге; 15 лет;
құбылмалы жартыжылдық купон, инфляция индексі + маржа; 30/360);
- KZ2C00015451 (SKKZb29; 1 000 теңге, 60,0 млрд теңге; 15 лет; өзгермелі
жартыжылдық купон, инфляция индексі + маржа; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 11 қыркүйегінен бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2024 жылдың 27 тамызында
1,0 трлн теңге сомасында тіркелген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат
қоры" АҚ-ның төртінші облигациялық бағдарламасы шегінде 14-ші және
15-ші болып табылады.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Halyk
Finance" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/listing/issuers/SKKZ
[2025-09-11]