/KASE, 11.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
12 қыркүйегінен бастап Азия даму банкінің XS3171554333 халықаралық
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe22;
24 897 670 000 теңге; 09.09.25-23.05.29; қалқымалы жартыжылдық купон,
TONIA Compounded + 1,00 %; actual/365) облигацияларымен KASE-де
сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/ASDBe22
[2025-09-11]