Еуразиялық даму банкінің KZ2D00014966 (EABRb55) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

12.09.25 09:28
/KASE, 12.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00014966 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb55; 1 000 рубль, 10,0 млрд рубль; 13.08.25 – 12.09.25; actual/365) дисконттық облигациялары айналым KASE мерзімінің аяқталуына байланысты ресми тізімнен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2025 жылдың 01 тамызынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық ашылған жоқ. [2025-09-12]