15 қыркүйектен бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CGA36 (US_86_2512) халықаралық облигацияларымен KASE-дегі сауда-саттық тоқтатыла тұрады
12.09.25 14:41
/KASE, 12.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
15 қыркүйегінен бастап есептесу күні 2025 жылдың 12 желтоқсанына және
одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық режимдерінде репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы
министрлігінің US91282CGA36 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы,
US_86_2512) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық
тоқтатыла туратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
2025 жылдың 14 желтоқсанында көрсетілген облигациялар бойынша
купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2025-09-12]