"ҚазТрансОйл" АҚ мұнай құбырының 45 шақырымдық учаскесін күн батареяларын пайдалана отырып, гибридті энергиямен жабдықтауға ауыстыру туралы хабарлады

15.09.25 18:15
/KASE, 15.09.25/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы 15 қыркүйек 2025 жыл "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялар тобы арасында жарияланған операциялық тиімділікті арттыру жылы аясында "ҚазТрансОйл" АҚ "Қаламқас–Қаражанбас–Ақтау" магистральдық мұнай құбырының 45 шақырымдық учаскесіндегі энергиямен қамту жүйесін жаңғыртуды аяқтады. Мұнай құбырының 62-107 шақырымдық желілік бөлігінде орналасқан "Қаражанбас–Қияқты" учаскесі жаңартылатын энергия көздері мен дизельдік генераторларды біріктіретін гибридті электрмен жабдықтау жүйесіне ауыстырылды. Жобаны жүзеге асыру аясында мұнай құбырының 63-ші, 87-ші және 107-ші километрлік учаскелеріне күн батареялары бар контейнер типтегі үш автоматтандырылған гибридті электр қондырғысы орнатылды. Әрбір қондырғы 48 панельден тұратын фотоэлектрлік жүйені, 40 кВА қуатты дизель-генераторды, аккумуляторлық батареяларды, заряд контроллерлерін, басқару панелін және қашықтықтан мониторинг жүйесін қамтиды. Автоматтандырылған гибридті электр қондырғаларын енгізудің арқасында объектінің сенімділігі артты: учаскенің электрмен жабдықтау категориясы үшіншіден біріншіге көтерілді, бұл мұнайды Ақтау теңіз портына, битум зауытына және "Өзен–Атырау–Самара" жүйесі арқылы тиімді тасымалдауды қамтамасыз етеді. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_150925_kz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_150925_1.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_150925_en.pdf [2025-09-15]