17 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Meta Platforms, Inc.
US30303M1027 (META_KZ) жай акцияларының сауда-саттығы
тоқтатыла тұрады.
16.09.25 14:37
/KASE, 16.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 17 қыркүйегiнен
бастап есеп айырысу күні 2025 жылдың 22 қыркүйегiне және одан кейінгі
күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдеріндегі
репо операциялары бойынша Meta Platforms, Inc (АҚШ) US30303M1027 ("KASE Global"
секторы, META_KZ) жай акцияларымен Kase-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
2025 жылдың 22 қыркүйегiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатыла тұрады.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 24 қыркүйегiнен
бастап қайта басталады.
[2025-09-16]