/KASE, 16.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
17 қыркүйегінен бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ
KZ2C00013936 облигацияларының (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"
санаты, BTRKb24; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 10.09.25-10.09.30; жылдық
купон, жылдық 18,30%; 30/360) KASE-де сауда-саттығы ашылатынын
хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKb24
[2025-09-16]