/KASE, 18.09.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2025 жылдың 16 қыркүйегінде "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС
KZ2P00015589 (MFAFb11; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы
купон, жылдық 23,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 18 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFAFb11
[2025-09-18]