19 қыркүйектен бастап "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00015084 (NCOMb7) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

18.09.25 15:27
/KASE, 18.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 19 қыркүйегінен бастап "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00015084 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, NCOMb7; $100, $20,0 млн; 16.09.25 – 16.09.26; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне айыстырылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. [2025-09-18]