22 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында үш атаудағы ETF сауда-саттығы тоқтатыла тұрады
22.09.25 10:29
/KASE, 22.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
22 қыркүйегінен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің
сауда-саттығы тоқтатылғанын хабарлайды:
1) US4642882249 ("KASE Global" секторы, ICLN_KZ) iShares Global Clean
Energy ETF, есеп айырысу күні 2025 жылдың 16 және 30 желтоқсанына
және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер, сауда-саттық
2026 жылдың 05 қаңтарынан бастап қайта басталады;
2) US46137V1420 ("KASE Global" секторы, PHO_KZ) Invesco Water
Resources ETF, есеп айырысу күні 2025 жылдың 22 желтоқсанына және
одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер, сауда-саттық 2025 жылдың
24 желтоқсанынан бастап қайта басталады;
3) US46090E1038 ("KASE Global" секторы, QQQ_KZ) Invesco QQQ Trust,
Series 1, есеп айырысу күні 2025 жылдың 22 желтоқсанына және одан
кейінгі күндерге келетін мәмілелер, сауда-саттық 2025 жылдың
24 желтоқсанынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
көрсетілген ETF бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2025-09-22]