"Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлері 2024 жылға KZ000A0LE0S4 (HSBK) жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

22.09.25 15:33
/KASE, 22.09.25/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі - Банк) 2025 жылғы 22 қыркүйекте өткен сырттай дауыс беру арқылы Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған, 2024 жылға Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді (ISIN KZ000A0LE0S4) хабарлайды: - бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері: 21,00 теңге; - дивидендтерді төлеу басталатын күн: 2025 жылғы 25 қыркүйек; - дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны: - 2025 жылғы 23 қыркүйек күнінің басындағы жағдай бойынша (00 сағат 00 минут) (Алматы қаласының уақыты бойынша) дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалатын күн; - дивидендтерді төлеу нысаны – қолма-қол ақшасыз. Банк акционерлеріне төленуге тиісті дивидендтер сомасы 229 193 967 765,00 теңгеден аспайды. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_220925_2_kz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_220925_2.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_220925_en_2.pdf [2025-09-22]