/KASE, 22.09.25/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK)
былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2025 жылғы 17 қыркүйек күні Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі
Halyk Bank-тің шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингін
«Тұрақты» болжаммен «BBB-» деңгейінде бекітті.
Fitch Ratings Қазақстанның банк секторындағы Halyk Bank-тің жоғары
нарықтық үлесі, табыстылықтың тұрақты жоғары көрсеткіштері, елеулі
капиталдандыру және орнықты өтімділік рейтингті қолдайтын негізгі
факторлар болып табылатынын атап өтті. Агенттіктің түсініктемесі бойынша,
«Тұрақты» болжам Halyk Bank-тің кредиттік көрсеткіштері орта мерзімді
перспективада күшті болып қала беретінін айқындап тұр.
Fitch Ratings Halyk Bank-тің корпоративтік және бөлшек бизнестегі күшті
нарықтық позициялары және теңдестірілген кредиттік портфелі бар сенімді
бизнес-моделін, сондайақ Банк активтерінің сапасы соңғы бес жылда
айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Сонымен қатар Агенттік тұрақты
маржаның, жоғары операциялық тиімділіктің және тәуекелдің төмен
құнының арқасында 2025-2026 жылдары Банктің жоғары табыстылығының
сақталуын күтеді..
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs__220925_3_kz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs__220925_3_ru.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs__220925_3_eng.pdf
[2025-09-22]