23 қыркүйектен бастап Азия даму банкінің XS2294363689 (ASDBe7), XS2351373134 (ASDBe8) және XS3015676425 (ASDBe20) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталды
23.09.25 10:13
/KASE, 23.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
23 қыркүйегінен бастап Азия даму банкінің мынадай халықаралық
облигацияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталғаны туралы
хабарлайды:
- XS2294363689 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, ASDBe7);
- XS2351373134 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, ASDBe8);
- XS3015676425 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, ASDBe20).
Аталған облигациялардың сауда-саттығы шығарылым аңдатпасының
шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды ішінара өтеу
процедурасының аяқталуына байланысты қайта басталды.
ASDBe7 және ASDBe8 облигацияларының сауда-саттығы KASE-де
2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап, ASDBe20 – 2025 жылдың
15 тамызынан бастап тоқтатылды.
[2025-09-23]