23 қыркүйектен бастап "BCC Invest" АҚ "Wardat al hayat" ИИПҚ KZPF00000900 (BCCIwah) пайлары бойынша KASE маркет-мейкер мәртебесіне ие болды

23.09.25 11:09
/KASE, 23.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылдың 23 қыркүйегінен бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (тақырыпта және бұдан әрі – "BCC Invest" АҚ) оның өтініші негізінде "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "Wardat al hayat" ИИПҚ интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000900 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары"секторы, BCCIwah) пайлары бойынша KASE-де маркет-мейкер мәртебесі берілді. [2025-09-23]