/KASE, 23.09.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 19 қыркүйегінде "СМК ФФ-1" Арнайы қаржы
компаниясы" ЖШС ("СМК ФФ-1" АҚК, Алматы) KZ2P00014632 (SFKFb1;
1 000 теңге, 1,1 млрд теңге; 4,5 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 20,00 %;
30/360) секьюритилендірілген облигацияларын баламалы алаңының
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 23 қыркүйегінен
бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 30 маусымында 50,0 млрд
теңге сомасына тіркелген "СМК ФФ-1" АҚК бірінші облигациялық
бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады.
"СМК ФФ-1" АҚК қаржы кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ болып табылады.
"СМК ФФ-1" АҚК қызметінің негізгі түрлері-сақтандыру мен зейнетақымен
қамсыздандырудан басқа қаржылық қызметтер.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/SFKFb1
[2025-09-23]