24 қыркүйектен бастап "HAYAT CAPITAL" Ломбарды" ЖШС KZ2P00015266 (MFHCb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

24.09.25 11:09
/KASE, 24.09.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 19 қыркүйегінде "HAYAT CAPITAL" Ломбарды" ЖШС (Алматы) KZ2P00015266 (MFHCb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар "санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 24 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "HAYAT CAPITAL" Ломбарды" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Standard инвестициялық компаниясы" АҚ болып табылады. "HAYAT CAPITAL" Ломбарды" ЖШС қызметінің негізгі түрі – ломбард қызметі. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFHCb1 [2025-09-24]