24 қыркүйектен бастап "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС KZ2P00015431 (MFUCb9) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

24.09.25 11:10
/KASE, 24.09.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 19 қыркүйегінде "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00015431 (MFUCb9; $100, $4,0 млн; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 24 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы 2023 жылдың 28 шілдесінде 10,0 млн АҚШ доллары сомасына тіркелген "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС екінші облигациялық бағдарламасы шегінде үшінші болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFUCb9 [2025-09-24]