"Каспий" тауар биржасы" АҚ әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен сауда-саттықты жүзеге асыруға құқығы бар биржа болып танылды

24.09.25 17:06
/KASE, 24.09.25/ – "Каспий" тауар биржасы" АҚ (KASE тикері – EXCS) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі 2025 жылғы 12 қыркүйекте өткен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша сауда жүргізуге уәкілетті тауар биржаларын айқындау жөніндегі конкурстың нәтижелері туралы хабарлады. Конкурс 2025 жылғы 24 шілдедегі № 216-ОД Сауда және интеграция министрінің м.а. бұйрығына, сондай-ақ конкурс негізінде іріктеу тәртібін реттейтін Қағидаларға сәйкес өткізілді. Негізгі критерийлер – ашықтық, технологиялық деңгей және жүйелердің ақпараттандыру мен ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнама талаптарына сәйкестігі болды. Конкурс жеңімпазы болып "Каспий" Тауар Биржасы" АҚ танылды. Ұйым жоғары жұмыс стандарттарын және заманауи электрондық платформаларды енгізуді көрсетті. Бұл платформалар сауданы тиімді жүргізуді қамтамасыз етіп, нарық қатысушылары үшін қолжетімділік қағидаттарына толық сәйкес келед. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/EXCS/excs_relizs_240925_kz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/EXCS/excs_relizs_240925_1.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/EXCS/excs_relizs_240925_en.pdf [2025-09-24]