25 қыркүйектен бастап "Comfort Solutions" ЖШС KZ2P00015514 (COMFpp1) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

25.09.25 14:25
/KASE, 25.09.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 23 қыркүйегінде KZ2P00015514 (COMFpp1; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге, 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 25,00%; 30/360) "Comfort Solutions" ЖШС (Қарағанды) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/COMFpp1 [2025-09-25]