/KASE, 26.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан
16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелерін (МЕУКАМ) қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған
сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда өткізілетінін хабарлайды
(Астана қ.уақыты).
----------------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды: MUM180_0007
Бағалы қағаз түрі: МЕУКАМ
ISIN: KZKD00000618
Номиналды құны, теңге: 1 000
Айналыстағы облигациялардың мөлшері, дана: 55 635 051
Айналыс баталған күн: 18.09.12
Айналыста болатын соңғы күн: 17.08.27
Өтелетін күн: 18.09.27
Айналыс мерзімі: 15 жыл (5 400 күн)
Купондық мөлшерлеме, жылдық %: 5,49
Купон төленетін кезең: жылына 1 рет
Купон төлемдерін бастау күндері: жыл сайын 18 қыркүйекте
Уақыт базасы: 30 / 360
------------------------------------------------ ---------------------------------
Сауда-саттық күні: 26.09.25
Өтелуіне дейінгі мерзім: 2 жыл (712 күн)
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 10 000,0
Сауда-саттық заты: "таза" баға
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:30–16:00
Өтінімдерді растау уақыты: 15:30–16:00
Кесім уақыты: 17:00 дейін (Т+0)
Төлеу күні және уақыты: 30.09.25
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру кесімдеу бағасына тең немесе
әдісі: сатушы үшін неғұрлым тиімді болып
табылатын, шектелген қарсылама
өтінімдердің бағалары бойынша
----------------------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза"
(жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.
Осы орналастыру бойынша есеп айырысу 2025 жылдың 30 қыркүйекте
(Т+2 сызбасы бойынша) жүзеге асырылады. Сауда-саттыққа қатысушылар
кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен
мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын
ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін
жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда-
саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер
қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).
Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған
жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге
асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні
http://kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған.
Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару,
орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу
ережелері
http://kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша
жарияланған.
ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы
Қағида
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kaz.pdf мекен-
жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпарат сілтемесі
бойынша жарияланған
http://kase.kz/kz/gsecs/show/MUM180_0007/
[2025-09-26]