"Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00003424 (CCBNb28) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

29.09.25 09:29
/KASE, 29.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 29 қыркүйегінен бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00003424 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CCBNb28; 100 теңге, 50,0 млрд теңге; 29.09.15 – 29.09.25; жартыжылдық купон, жылдық 10,00%; 30/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Көрсетілген облигациялар 2015 жылдың 26 тамызынан бастап "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болады. Олармен сауда-саттық 2015 жылдың 05 қазанынан бастап ашылды. [2025-09-29]