"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ XS1273497385 (KTGAe1) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
29.09.25 10:36
/KASE, 29.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
29 қыркүйегінен бастап "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ XS1273497385 (KASE негізгі
алаңы, "облигациялар" санаты, KTGAe1; 5,0 млрд теңге; 29.09.15 – 29.09.25,
жартыжылдық купон, жылдық 7,50%, 30/360) халықаралық облигациялары
айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2015 жылдың 30 қазанынан бастап
"квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары"
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың
01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының
"облигациялар" санатында болады. Олармен сауда-саттық 2016 жылдың
15 қаңтарынан бастап ашылды.
[2025-09-29]