/KASE, 29.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" KASE ішкі құжатына сәйкес
KASE-ге айналысқа жіберілгендер қатарынан 2025 жылдың қазан айына
арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының
инвестициялық қорларының акцияларының, депозитарлық қолхаттарының
және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың
тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі
комитеттің 2025 жылдың 23 қыркүйегіндегі шешімімен бекітілді және ондағы
бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану
мақсатында қалыптастырылды.
2025 жылдың 01-31 қазаны аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші
класындағы бағалы қағаздар тізіміне 70 атаудағы бағалы қағаздар
кіреді. 2025 жылдың қыркүйегінде құрылған өтімділіктің бірінші класты
бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге
мыналар кірді:
1) "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ
басқаруындағы "Wardat al hayat" интервалдық инвестициялық пай
қорының (ИИПҚ) KZPF00000900 пайлары (сектор "ценные бумаги
инвестиционных фондов", BCCIwah).
2025 жылдың қыркүйегінде құрылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен:
1) Johnson & Johnson US4781601046 жай ("KASE Global" секторы,
JNJ_KZ);
2) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF ETF
US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ);
3) Exxon Mobil Corporation простые акции US30231G1022 ("KASE Global"
сектор, XOM_KZ);
4) Invesco Water Resources ETF ETF US46137V1420 ("KASE Global"
сектор, PHO_KZ);
5) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "Fixed Income USD" ИИПҚ
KZPF00000082 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы
қағаздары" секторы, FFIN_or).
2025 жылдың қазан айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2025_oct.pdf
2025 жылдың қыркүйек айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және
үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2025_sep.pdf
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына
сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf
[2025-09-29]