30 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында US5951121038
(MU_KZ) Micron Technology, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылды
29.09.25 14:46
/KASE, 29.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 30
қыркүйегiнен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2025 жылдың 03 қазанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
Micron Technology, Inc. (АҚШ) US5951121038 ("KASE Global" секторы,
MU_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12)
тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 03 қазанында көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 06 қазанынан
бастап қайта басталады.
[2025-09-29]