"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ XS1273497385 (KTGAe1) халықаралық
облигацияларын өтеді
29.09.25 17:48
/KASE, 29.09.25/ – "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ (KASE тикері – KTGA)
2025 жылдың 23 қыркүйегінде XS1273497385 (KTGAe1) халықаралық
облигацияларын өтеп, облигациялар бойынша соңғы – 20-шы купондық
сыйақыны төледі.
Төлем сомасы 5 187 500 000 теңге құрады, оның ішінде негізгі борыш–
5 000 000 000 теңге, 20-шы купондық сыйақы – 187 500 000 теңге болды.
[2025-09-29]