30 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы
министрлігінің халықаралық облигацияларының екi шығарылымымен
сауда саттық тоқтатыла тұрады
30.09.25 10:21
/KASE, 30.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
30 қыркүйегiнен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесерінде репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің
келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла
тұратынын хабарлайды:
1) US91282CCJ80 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_85_2606),
есеп айырысу күні 2025 жылдың 30 желтоқсанына және одан кейінгі
күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2026 жылдың 05 қаңтарынан
бастап қайта басталады;
2) US912828YX25 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US105_2612),
есеп айырысу күні 2025 жылдың 30 желтоқсанына және одан кейінгі
күндерге сәйкес келеді, сауда-саттық 2026 жылдың 05 қаңтарынан
бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де
көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2025-09-30]