01 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында AT&T Inc. US00206R1023
(T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
30.09.25 14:28
/KASE, 30.09.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 қазанынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың
10 қазанына және одан кейінгі күндерге келетін, AT&T Inc. (АҚШ)US00206R1023
("KASE Global" секторы, T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын
KASE-де хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2025 жылдың 10 қазанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 13 қазанынан
бастап қайта басталады.
[2025-09-30]