/KASE, 01.10.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2025 жылдың 26 қыркүйегінде "Fincraft Group" ЖШС (Алматы)
KZ2P00015381 (NCOMb8; 1 000 теңге, 25,0 млрд теңге; 3 жыл;
жартыжылдық купон, жылдық 20,00 %; 30/360) облигацияларын негізгі
алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 01 қазанынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
"Fincraft Group" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Standard инвестициялық
компаниясы" АҚ болып табылады.
Аталған облигацияларды шығару 2022 жылдың 17 қарашасында тіркелген
200,0 млрд теңге сомасына "Fincraft Group" ЖШС бірінші облигациялық
бағдарламасы шеңберінде екінші болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/NCOMb8
[2025-10-01]