01 қазаннан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ XS3189694345 (BTRKe2) халықаралық облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

01.10.25 14:15
/KASE, 01.10.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 16 қыркүйегінде "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) XS3189694345 (BTRKe2; 500,0 млн, 01.10.25 – 01.10.30, жартыжылдық купон, жылдық 4,65% купондық мөлшерлеме; 30/360) халықаралық облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 01 қазанынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Alatau City Invest" АҚ болып табылады. Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKe2 [2025-10-01]