/KASE, 01.10.25/ –Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
02 қазанынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00014982
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb56;
1 юань, 100,0 млн юань; 29.09.25-28.12.25; actual/365) дисконттық
облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
Қытай юаны.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/EABRb56
[2025-10-01]