24 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында жазылым арқылы "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ бес жылдық XS3189694345 (BTRKe2) халықаралық облигацияларын жылдық 4,85 %-бен орналастырып, $34,7 млн тартты

01.10.25 18:08
/KASE, 01.10.25/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ XS3189694345 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "халықаралық облигациялар" санаты, BTRKe2) облигацияларын жазылым арқылы орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижелері келтірілген. Аталған облигацияларға жазылу кезінде KASE-де бірлескен букраннерлер ретінде "Alatau City Invest" АҚ, "Halyk Finance" АҚ, "Teniz Capital Investment Banking" АҚ әрекет етті. ------------------------------------------------------------ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: ------------------------------------------------ ----------- Қатысушылар саны: 13 Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді) 42 / 20 оның ішінде: – шектелімді 39 / 18 – нарықтық 3 / 2 Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары: 239,0 оның ішінде: – шектелімді 208,0 – нарықтық 31,0 ------------------------------------------------------------ * белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде, Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне - 74,1 %, брокерлік–дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,1 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 2,4 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 23,3 %, жеке тұлғалардың үлесіне - 0,1% тиесілі болды. ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ: ----------------------------------------------- ---------------- Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, 35 000 000 облигациялар: Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, АҚШ доллары: 34 692 350,0 Қанағаттандырылған өтінімдер саны: 4 Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 3 Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі, 4,8500 жылдық %: ---------------------------------------------------------------- Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 88,6 % – банктер, 11,4 % – басқа институционалдық инвесторлар сатып алды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды. [2025-10-01]