/KASE, 02.10.25/ – "Ғарыштық техника және технологиялар
институты" ЖШС (KASE тикері – IKTT) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС (ҒТТИ),
тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ("Транзит" АЖ) ұлттық
операторы 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық
комиссияның (ЕЭК) ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды қолдану туралы
қабылдаған шешіміне байланысты "Транзит" АЖ технологиялық дайындығы,
енгізудің негізгі нәтижелері және масштабтау жоспарлары туралы
хабарлайды.
ЕЭК Алқасы Навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес
тасымалдарды бақылауды енгізу туралы шешім қабылдады. Шешім
"Транзит" АЖ әлеуетін күшейтеді, еуразиялық көлік-логистикалық
дәліздердегі бақылау географиясын кеңейтеді, жүк ағындарының ашықтығын
арттырады және транзиттің "жасыл дәліздерін" қалыптастыруға ықпал ете
отырып, кеден заңнамасын бұзу тәуекелдерін азайтады.
"Транзит" АЖ мақсаты. "Транзит" АЖ тауарлардың заңсыз өткізілуінің жолын
кесуге; жолда артық тексерулерді болдырмау есебінен транзиттік
тасымалдау уақытын қысқартуға; "сұр" импортты төмендету және
салықтардың жиналуын арттыру есебінен бюджеттік келіп түсулердің өсуіне
арналған.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/IKTT/iktt_relizs_011025_17.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/IKTT/iktt_relizs_011025_15.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/IKTT/iktt_relizs_011025_16.pdf
[2025-10-02]