2025 жылдың қыркүйегіндегі KASE акциялар нарығына шолу
02.10.25 15:51
/KASE, 02.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың қыркүйек
айының қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолу
жасайды.
2025 жылдың қыркүйек айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде
76 эмитенттің 89 атаудағы акциялар болды, оның ішінде екі эмитенттің екі
атаудағы акциясы "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында
айналымға жіберілді.
2025 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын
капиталдандыру 40,2 трлн теңгені ($73,3 млрд) құрады, бұл өткен айдағы
көрсеткіштен 0,6 трлн теңгеге немесе 1,6 %-ға жоғары.
----------------------------------------------------------
30 қыркүйек 29 тамыз Δ Δ, %
------------------------ ----------- --------- ------ ----
Капиталдандыру, млрд KZT 40 211,80 39 578,90 +632,9 +1,6
Капиталдандыру, млн USD 73 273,56 73 599,56 -326,0 -0,4
----------------------------------------------------------
Қыркүйек айында акциялармен сауда-саттық көлемі 27,0 млрд теңгені
құрап, тамызға қатысты 9,0 %-ға немесе 2,2 млрд теңгеге ұлғайды. Сауда-
саттықтың орташа тәуліктік көлемі 1,3 млрд теңгені, мәмілелердің орташа
тәуліктік саны – 13 203 теңгені, бір мәміленің орташа көлемі – 97,5 мың
теңгені құрады. Қыркүйек айында биржалық сауда-саттық тек қайталама
нарықта өтті.
Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде
үлесіне акциялармен сауда-саттықтың жалпы айналымының 62,0%,
банктердің үлесіне – 2,4 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне –
11,7 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 2,2 %, басқа
заңды тұлғалардың үлесіне – 21,6 % тиесілі жеке тұлғалар неғұрлым
белсенді болды. Бейрезиденттердің үлесі – 7,4 % құрады.
KASE Индексінің мәні қыркүйек айында 2,2 %-ға артып, айдың соңына
қарай 7 149,42 тармақты құрады.
2025 жылғы қыркүйекте индекстік акциялармен мәмілелер көлемі
23,4 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тамызындағы көрсеткіштен
3,3 млрд теңгеге жоғары. Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі –
7,1 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің
30,5%) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның жай акцияларына тиесілі болды*.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
Соңғы мәміленің бағасы, Сауда-саттық көлемі *, Капиталдандыру**,
бір акцияға теңге млн теңге млрд теңге
Free Индекс-тегі -------------------------------------- ----------------------- -----------------
float, үлесі, с 01.01.25
% %* 30 қыркүйек 29 тамыз Δ, % Δ, % қыркүйек тамыз Δ, % на 30.09.25
------ ------ ----------- ----------- --------- ----- ---------- -------- -------- ----- -----------------
KZAP 25,0 16,7 28 449,99 24 896,00 +14,3 +41,0 1 944,8 1 728,3 +12,5 7 382,1
KMGZ 2,6 14,8 21 939,99 20 100,00 +9,2 +50,1 1 055,2 1 281,2 -17,6 13 295,8
AIRA 41,9 5,2 812,77 746,00 +9,0 -0,9 3 285,5 927,7 x3,5 289,2
KZTO 10,0 1,4 864,00 810,97 +6,5 +5,4 755,0 607,4 +24,3 328,2
KEGC 15,0 2,6 1 475,01 1 441,90 +2,3 -3,4 415,6 321,2 +29,4 406,9
CCBN 48,2 18,5 5 110,50 5 121,00 -0,2 x2,3 6 236,8 4 305,9 +44,8 911,8
KCEL 34,1 9,8 3 300,00 3 397,00 -2,9 -3,8 1 257,9 444,0 x2,8 659,2
HSBK 30,5 13,9 354,60 367,70 -3,6 +38,3 7 131,4 8 105,6 -12,0 3 858,0
KZTK 19,2 3,5 39 200,00 41 149,99 -4,7 -10,5 352,1 1 011,0 -65,2 430,8
KSPI 31,7 13,5 47 500,00 50 480,00 -5,9 -12,9 967,1 1 321,8 -26,8 9 087,6
Индекс – – 7 149,42 6 993,05 +2,2 +28,2 23 401,3 20 054,0 +16,7 –
KASE
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
* ірі мәмілелер мен тұрақты емес сипаттағы мәмілелерді есепке
алмағанда
** артықшылықты акцияларды ескере отырып, компанияны
капиталдандыру
[2025-10-02]