03 қазаннан бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне өзгерту енгізіледі

02.10.25 17:01
/KASE, 02.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2025 жылдың 02 қазанындағы шешімімен 2025 жылдың 03 қазанынан бастап қолданысқа енгізілетін "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 25 өзгерту (өзгерту) бекітілді. Өзгерту шетел валютасындағы есеп айырысулармен қаржы құралдары бойынша маркет-мейкерлердің міндетті баға белгілеулеріне қойылатын талаптарды анықтау мақсатында енгізілді. Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/information/rules ("Сауда-саттық" қалташасы – "Маркет-мейкерлер"). [2025-10-02]