/KASE, 02.10.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
"ForteBank" АҚ (бұдан әрі – "Банк"), оның атқарушы органының (Басқарманың)
орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, 2025 жылғы 29 қыркүйекте Астана
қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ден бастап 11.00-ге дейінгі аралықта
Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық көшесі,
8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс залында өткен Банк акционерлерінің кезектен
тыс жалпы жиналысындағы (бұдан әрі – "Жиналыс") дауыс берудің
қорытындысы туралы хабарлайды.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Жиналыста келесі сұрақ қаралды және дауыс
берудің нәтижесі бойынша келесі шешім қабылданды
***
Күн тәртібіндегі 1-мәселе: "Базалық активі жай акциялар болып табылатын
акциялардың және жаһандық депозитарлық қолхаттардың оларды
"ForteBank" АҚ сатып алу кезіндегі құнын анықтау әдістемесіне енгізілетін
түзетулерді бекіту туралы" бойынша:
Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Базалық активі жай акциялар болып
табылатын акциялардың және жаһандық депозитарлық қолхаттардың оларды
"ForteBank" АҚ сатып алу кезіндегі құнын анықтау әдістемесіне № 2 түзетулер
бекітілсін және осы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі күннен бастап
қолданысқа енгізілсін..
***
Жиналысқа, оның өткізілген уақыты бойы ұсынылған Банктің дауыс беруші
қарапайым акцияларының жалпы саны – 84 918 526 605 (қарапайым
акциялардың жалпы санының - 99,0396 %).
дәйексөздің соңы
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы
орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_021025_2_1.pdf
[2025-10-02]