06 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ XS3189694345 (BTRKe2) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады

03.10.25 17:15
/KASE, 03.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 06 қазанынан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ XS3189694345 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKe2; $500,0 млн, 01.10.25-01.10.30, жартыжылдық купон, жылдық 4,65%; 30/360) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKe2 [2025-10-03]