/KASE, 07.10.25/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының
сауда-саттық жүйесінде (KASE) Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің есептесуі 09 қазанда өтетін МЕОКАМ KZK200000778
(MOM060_0055) ортамерзімді мемлекеттік қазынашылық облигацияларын
орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE қабылдаған хабарламаға сәйкес, эмитент қанағаттандырылған
өтінімдер бойынша жылдық 16,95% мөлшерінде белгіленген номиналды
құны бойынша жалпы сомасы 363 333 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды.
Астана уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық
жүйесінде төмендегі көрсетілген талаптармен аталған бағалы қағаздарды
қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері туралы толығырақ
жаңалық кейінірек жарияланады.
"Бүгін KASE-де есептесуі 9 қазанда жүргізілетін және есеп айырысу мерзімі
5 жыл болатын МЕОКАМ KZK200000778 (MOM060_0055) орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіліп жатыр" деген KASE
жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланған:
https://kase.kz/ru/information/news/show/1552361
[2025-10-07]