09 қазаннан бастап KASE-де Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

08.10.25 15:41
/KASE, 08.10.54/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 09 қазанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 20 қазанына және одан кейінгі күндерге келетін Caterpillar (АҚШ) US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 20 қазанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 22 қазанынан қайта басталады. [2025-10-08]