ХАБАРЛАМА: Шешімдері сырттай дауыс беру арқылы қабылданатын KASE акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы

08.10.25 18:30
/KASE, 08.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE, Биржа) өз акционерлеріне 2025 жылдың 11 қарашасында KASE акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды. Биржа акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы акционерлердің жалпы жиналысының (бұдан әрі – жиналыс) отырысын өткізбестен Биржа акционерлерінің сырттай дауыс беруі арқылы өткізілетін болады. Жиналыстың күн тәртібі: 1. Биржаның Директорлар кеңесі мүшелерінің ай сайынғы сыйақысының мөлшерін анықтау туралы. 2. Директорлар кеңесі туралы қағидаға № 6 өзгертулер мен толықтыруларды бекіту туралы. 3. Қызмет түрінен Бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру құқығын алып тастау туралы уәкілетті органға ерікті түрде жүгіну туралы. Бюллетеньдерді ұсынудың басталу күні – 2025 жылдың 09 қазаны. Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдер ұсынудың аяқталу күні – 2025 жылдың 10 қарашасы. Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2025 жылдың 11 қарашасы. Жиналыста дауыс беру қорытындыларын шығару кезінде Биржа өзінің акционерлерінен 2025 жылдың 10 қарашасында сағат 18:00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) алған сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдер ескерілетін болады. Жиналысқа қатысуға құқығы бар KASE акционерлерінің тізімі 2025 жылдың 09 қазанындағы жағдай бойынша Биржа акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінің деректері негізінде жасалады. Жиналыстың күн тәртібі мәселесі бойынша материалдар мен дауыс беруге арналған бюллетеньдер KASE акционерлеріне электрондық тәсілмен жіберілетін болады және акционерлер үшін мына мекенжай бойынша қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, А15g7m6 (050040), Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-қабат. Биржа акционерлерінің сырттай дауыс беруіне қатысты қосымша ақпаратпен телефон арқылы танысуға болады: 8 (727) 237 53 43. Жиналысты өткізу туралы хабарламаның толық мәтіні KASE интернет- ресурсында қолжетімді: - https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_111125_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_111125.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_111125_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2025-10-08]