10 қазаннан бастап iShares China Large-Cap ETF US4642871846 ETF (FXI_KZ) KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізіледі
09.10.25 17:05
/KASE, 09.10.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2025 жылдың 10 қазанынан бастап KASE ресми тізімінің "KASE
Global" секторына iShares China Large-Cap ETF US4642871846 ETF (сауда-
саттық коды – FXI_KZ) енгізіледі.
Көрсетілген бағалы қағаздарға рұқсат берудің бастамашысы "Standard
инвестициялық компаниясы" АҚ болып табылады
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттықтың ашылғаны
туралы қосымша хабарланатын болады.
[2025-10-09]