Сауда-саттық ақпарат

KASE Индексінің мәні жұма күні 0,22%-ға төмендеп, 7 156,91 тармақты құрады

15.05.2025

ҚОР НАРЫҒЫ
KASE Индексінің мәні жұма күні 0,22%-ға төмендеп, 7 156,91 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акцияларымен жасалды – 7 905. Мәмілелердің ең үлкен көлемі де "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акцияларына тиесілі болды – 332,1 млн теңге. Өсімді үш эмитенттің акциялары көрсетті – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ (+1,49%), "KEGOC" АҚ (+0,20%) және "Қазақтелеком" АҚ (+0,01%).

АҚША НАРЫҒЫ
Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 48 б.п.-қа өсіп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 16,07% құрады. Бір күндік мерзімге (SWAP-1D (USD)) АҚШ доллары кепілімен теңгені қарызға алу мөлшерлемесі 65 б.п.-қа өсіп, жылдық 11,90% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 580,588 млрд теңгені құрады.

ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
Жұма күні сағат 17:00-де сауда-саттық қорытындысы бойынша "ертең" есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 538,93 теңгені құрады. Ұлттық валюта 2,58 теңгеге нығайды. Сауда-саттық көлемі 391,115 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 976 мәміле жасалды. Минималды баға – 536,70 теңге, максималды баға – 541,93 теңге, соңғы мәміленің бағасы – 538,40 теңге.

Лондон ICE Futures биржасында Brent мұнайының желтоқсан фьючерстерінің құны жұма күні Алматы уақытымен сағат 18:00-де 1,55%-ға төмендеп, барреліне 64,21 АҚШ долларын құрады.